Компания басшылары
Тойганбаев Беглан Абенұлы
Бала кезінен Беглан Абенович болашақта авиацияда жұмыс істейтіндігі туралы білді. Ол әуежай жанындағы үйде өсті. Еңбек жолын әуе кемелерінде және қозғалтқыштарда инженер лауазымынан бастады.
Бүгінде Қазақстандағы ең үздік мамандардың бірі бола отырып, ол өзінің дағдылары мен білімдерін жетілдіріп, өзіне жүктелген міндеттерді тиісті түрде атқарады.
Charles de Mannoury
Маннури мырзаның жұмыс тәжірибесі 40 жылдан асады. Пилот ретінде ұшақтар мен тікұшақтарда 11000 сағаттан астам рейс жасаған болатын.
Оның баға жетпес авиациялық тәжірибесі, халықаралық стандарттарды білу және ұшу іс-әрекеттеріне кәсіби көзқарас авиакомпанияның дамуына айтарлықтай ықпал етеді.
Мартин Х. Соарес Йоплак
1991 жылы Соарес Йоплак Киевтік азаматтық авиация инженерлері институтының техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Оның жұмыс тәжірибесі мұнай-газ секторына қызмет ететін авиакомпаниялардың жетекші орындарында ондаған жылдар бойымен есептеледі.
Горан Пэцич
Көптеген жылдар бойы Пецич мырза Еуропалық кеден жүйесінде қызмет атқарған. Одан қоса, Нидерландыдағы Heli-One жаһандық
тікұшақтық тарату орталығындағы алған тәжірбиесі туралы айтып кету – біздің міндетіміз. Әлемдегі ең үздік тікұшақтық компаниялар, 5 құрлық, 20 ел және жүздеген қызықты жобалар – бұның бәрі Горан Пецичтің баға жетпес тәжірбиесі.